15 желтоқсан 2018 18:01

"Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының дамуына баса мән беремін". Си Цзиньпин Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысының атына ұлттық мерекеміз - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының атына ұлттық мерекеміз - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсуде.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жеке өзінің және Қытай халқының атынан Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстанның қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін ерекше атап өтті.

"Мен Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарының дамуына баса мән беріп, Сізбен жұмыс бабындағы байланысымызды және жеке достығымызды жоғары бағалаймын. Биылғы маусым айында Сіз Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Циндаодағы саммитіне қатыстыңыз. Біз жемісті кездесу өткізіп, бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұл екі жақты қатынастардың дамуына тың серпін берді.

Мен Сізбен бірлесе отырып, мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігі жолында жаңа белестерді бағындыруға және екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік байланыстарды ілгерілетуге әзірмін. Сізбен "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі екінші форумы барысында жүздесеміз деп ойлаймын.

Достас Қазақстанның өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдіремін, ал халқына бақ-береке тілеймін", - деп атап өткен Си Цзиньпин.

Сонымен қатар, Сербия Республикасының президенті Александр Вучич Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дамыту барысында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

"Сіздің дана басшылығыңыздың, көрегендігіңіздің, күш-қуатыңыздың әрі іске адалдығыңыздың арқасында Қазақстан ширек ғасырдан астам уақыт бойы табысты дамып, үлкен жетістіктерге жетіп, әлемде зор беделге ие болды. Сіз "Қазақстан-2050" стратегиясында белгіленген мақсат-міндеттерге қол жеткізесіз деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Молдова Республикасының президенті Игорь Додон жолдаған хатында: "Молдова халқының және жеке өзімнің атымнан ұлттық мерекелеріңіз - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде табиғи ресурстары мен адами әлеуеті мол Қазақстан ұлттық экономика мен әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында зор табысқа қол жеткізе алды. Бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, елдеріңіздің имиджін халықаралық деңгейде ілгерілетуге септігін тигізеді", - деп атап өткен.

Швейцария Конфедерациясының президенті Ален Берсе өзінің құттықтау жеделхатында Қазақстан халқына бақ-береке мен амандық тілеп, екі ел арасындағы сенімге негізделген әрі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттестік білдіреді.

Сонымен қатар, өздерінің жеделхаттарында Иордания Королі ІІ Абдалла, Швеция Королі Карл Густав, Оман Сұлтаны Кабус бен Саид, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Фу Чонг, Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары Сұлтан Назрин Муиззуддин Шах Қазақстан халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілейді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети