Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ ТЖ комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ ТЖ комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Сейсмикалық орталықтар жер сілкінісін 9 қараша күні сағат 06.39-да тіркеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 501 шақырым қашықтықтағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Сілкінудің энергетикалық белсенділігі - 10. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер сілкінісі эпицентрінің координаты солтүстік ендік бойынша 43.90 градус, шығыс бойлығы бойынша 83.02 градус.
Еске салайық, 8 қараша күні Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелген еді. "Геофизикалық зерттеулер институты РМК-ның мәліметтер орталығы жедел жеткізген ақпаратына сәйкес 2014 жылы 8 қарашада таңғы 8 сағат 10 минут уақытында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің өзегі Алматының оңтүстік-шығысынан 275 шақырым қашықтықтағы Қазақстан мен Қытай шекарасының маңында орналасқан. Сілкінудің энергетикалық белсенділігі - 10.1 MPV, магнитудасы - 4.7, тереңдігі - 5 шақырым", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 қазанда Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым жерде магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелгені хабарланған.