Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары Каирде ұсталған қазақстандықтардың жағдайын талқылады

28 Шілде 2017, 10:32
0
Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары Каирде ұсталған қазақстандықтардың жағдайын талқылады - © ҚР СІМ баспасөз қызметі
© ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысырдың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтардың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телефон арқылы сұбат 27 шілдеде кешкі уақытта қазақ тарапының бастамасымен болды.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның мысырлық биліктерден жас адамдардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтетінін айтты. Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.

Самех Шукри өз кезегінде қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.

Министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық жәнее мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың сәтті дамуын талқылады.

Сондай-ақ, осыған дейін ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Қазақстандықтарды Мысырда ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстағанын хабарлағанын болатын. 

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. Олар сол ел аумағында және өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай