29 сәуір 2022 10:36

Қазақстан мен Ресей ғалымдары Жайық өзенін қалпына келтірумен айналысады - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото uralskweek.kz Фото uralskweek.kz

Жайық өзенін қалпына келтіру, экожүйесін сақтау - ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобаның негізгі мақсаты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG-ге сілтеме жасап.


Жайық өзенін қалпына келтіру, экожүйесін сақтау - ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобаның негізгі мақсаты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG-ге сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жоба аясында су проблемалары институтының ғалымдары өзен ағынын реттеу салдарын экологиялық бағалаумен айналысады, сондай-ақ Жайық өзенін экологиялық оңалту және оның бассейнінде суды тұрақты пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Негізгі міндеттердің бірі - Жайықтың су ресурстары әлеуетін нақтылау және қауіпті гидрологиялық құбылыстардың, су тасқынының пайда болу механизмдерін зерттеу. Ғалымдар су ресурстарын басқару режимдерін және олардың өзен экологиясына әсерін талдайды. Жоғары экологиялық қауіпті учаскелерді анықтап, Жайық өзені бассейніндегі өзен, көл, су қоймасы, тоғандар суының сапасын бағалау қажет.

Жайық - Ресей мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін ірі трансшекаралық өзендердің бірі. Оның бассейнінде ірі өнеркәсіптік орталықтар орналасқан және өзен суы арқылы ауқымды ауылшаруашылық өндірісі мен суармалы егіншілік дамып жатыр, жағасында шамамен 4 миллион адам тұрады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети