03 сәуір 2015 12:04

Қазақстан мен Ресей сарапшылары соғыс жүргізудің жаңа үлгілерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Ресей сарапшылары соғыс жүргізудің жаңа үлгілерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер мен өзгерістер, халықаралық аренадағы оқиғалар екі ел ғалымдарын осындай сарапшылар алаңын құруға итермеледі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Соғыс жүргізудің жаңа үлгілері Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікке төнетін қатерлер ретінде" тақырыбында өткен семинарда Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары ресейлік әріптестерімен бірлесіп Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

"Кез-келген қарулы қақтығыс жаңа білім алуға себепші болып табылады. Сириядағы, Украинадағы қақтығыстар олардың қарулы күштерінің құрылымы мен қару-жарағы біздікіне жақын болғандықтан жағымды және жағымсыз тәжірибесін зерделеуге қазақстандықтардың қызығушылығы туындайды", - деді Әскери-стратегиялық зерттеу орталығының вице-президенті запастағы полковник Рафик Таиров.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінге дейін гибридті соғыстардың табиғаты туралы әскери теоретиктердің біркелкі әскери танымдық көзқарасы жоқ. Осы жөнінде біреуі қарулы қақтығыстың жаңа түрлері деп таныса, ал екіншілері соғыстың жаңа түрі деп қарастырып отыр. Таировтың айтуынша, дәстүрлі қауіп-қатерге қарсы күресу бойынша ҰҚШҰ құрылымындағы әскерлердің іс-қимылын реттейтін теориялық пайымдаулар мен құжаттарды әзірлеу талап етіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети