30 қазан 2018 09:01

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген ауыр жүк көлігі кезекте тұр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" шекара бекеті бір апта бойы халық назарында. 22 қазаннан бастап мұнда экспорт және кедендік бақылау рәсімін өткізе бастады. Содан бері шекарада ауыр көліктердің үлкен кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" шекара бекеті бір апта бойы халық назарында. 22 қазаннан бастап мұнда экспорт және кедендік бақылау рәсімін өткізе бастады. Содан бері шекарада ауыр көліктердің үлкен кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен жүргізушілер әлеуметтік желілерде үлкен кептелістің пайда болуына шағымданған. Кейін ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары жаза бастады. "Бес шақырымдық кептеліс. Ал біз Кедендік одақ және жүктердің кедергісіз өтуі туралы айтамыз. Мен ұзақ уақыт бойы жүк көлігі жүргізушісі болып жұмыс істеймін, бірақ мұндай кезекті көргенім жоқ. 20 метр жүрсең, тағы 10 минут тұрасың", - дейді Сейіл Баймұханов. 

Жолдың оң жақ бетінде кезекте әр елден келген жүк көліктері тұр. Айнала қоқыс. Жүргізушілер оны көше шетіне лақтыруға мәжбүр. "Мәселе салық органдарында. Оларың мұнда жүргеніне бір апта болды. Бір шекара пункті жөнделіп жатыр, күтуге ауыр соғады. Уақыт өтіп бара жатыр. Маған Ресейден Еуропаға жүктелу керек, ал менің тұрысым мынау", - дейді Антон Богомолов.

Оралда баспасөз конференциясы өтті. Мұнда "Сырым" бекеті қалыпты жұмыс істейтіндігі туралы жарияланды. Кезек бірнеше факторға байланысты пайда болды. "Күзгі кезең болғандықтан автокөліктер көп. Тәулігене мыңға дейін автокөлік өтеді. Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер департаменті экспорт-импорттық бақылауды жүргізіп жатыр", - деді шекаралық бақылау бөлімінің  2029 әскери бөлімшесі басшысының орынбасары Нұрлан Сукпусунов.

Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері тексеріс екі минуттан аспайтынын мәлімдеді. "Біз тек жүкті сканерлеп отырмыз, бірақ онда бінеше жүктің түрі болуы мүмкін, сондықтан уақыт созылады", - деді Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алмас Ақжиаппаров.

Айта кету керек, "Сырым" шекара бекетін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, автомобиль жолын сегіз жолаққа дейін кеңейту жоспарланған. Алайда жоба әлі іске асырылмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети