07 қазан 2018 11:17

Қазақстан мен Ресейді жаңа жол байланыстырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Республикасы мен Қазақстан арасында жаңа жол салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей аймағының басшысы Александр Бердников Қазақстан консулы Қонысбек Жүсіпбековпен кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайты.

Бердниковтың сөзінше, осы жылдың қараша айында мемлекет басшылары Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі барысында талқыға салынатын басты тақырып туризм саласындағы өзара ынтымақтастық. 

"Алтай Республикасында бұл жетекші бағыттардың бірі. Алдыңғы жылы біз 2 миллионнан аса қонақтарды күтіп алдық және олардың саны жыл санап артып келе жатыр. Қазіргі уақытта жоғары деңгейде талқыланып жатқан Қазақстанға жол салудан кейін осы және басқа да аспектілерде өзара ынтымақтастық одан әрі нығайтылады", - деп мәлімдеді Бердников. 

Өз кезегінде Қонысбек Жүсіпбеков қазақстандық туристер арасында Алтай таулары сұранысқа ие екендігіне сенім білдірді. Сондай-ақ, ол Алтай Республикасы мен Шығыс Қазақстан облыс арасында салынатын жол тек туристердің санын арттырып қана қоймай, экономикалық жағдайды да, арттыратынына сеніп білдірді. 

Ресей аймағының басшысы Александр Бердников пен Қазақстан консулы Қонысбек Жүсіпбеков ©kazembassy.ru

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети