01 сәуір 2015 17:24

Қазақстан мен Венгрия қылмысқа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©prokuror.gov.kz ©prokuror.gov.kz

Қазақстан мен Венгрия қылмысқа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Қазақстан мен Венгрия қылмысқа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство сайтында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Венгрияның Премьер-Министрі Виктор Орбанның делегациясы құрамында Астанаға ресми сапармен келген Венгрияның Әділет министрі Ласло Трочани және Бас прокуроры Петер Полтпен кездескені хабарланған.

"Әріптестер халықаралық күн тәртібінің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша ой бөлісті. Ведомство басшылары қазіргі заман тұрғысында Қазақстан мен Венгрияның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі ниеттестігін және бірлігін атап өтті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, кездесу барысында құқықтық саладағы ынтымақтастықтың басым бағыттары, атап айтқанда, қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, киберқылмысқа, есірткі тасымалына қарсы күрес, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері талқыланғаны атап өтілген. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Венгрия Бас прокуратурасының арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Қазақстанның Бас Прокуроры атап өткендей, шартқа қол қою қазақстандық-венгерлік құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудегі, қылмысқа қарсы күресте күш біріктірудегі, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы қауіп-қатерлердің алдын-алудағы тиісті шаралар дайындауда айтулы оқиға болып отырғанын баса айтты. Кездесу барысында тараптар құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге мүдделілік танытты", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети