Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан мешіттеріне некені тек АХАЖ-дан кейін қию кеңес етілді

01 Шілде 2015, 08:28
0
© REUTERS
© REUTERS

Қазақстандағы заңсыз діни некелер шариғаттың дұрыс түсіндірілмеуімен байланысты. Бұл жөнінде Қазақстан Республиксының Мәдениет және Спорт министрлігі Дін істері комитетінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.

Еске салайық, таяуда отандық ақпарат құралдарында Қазақстанда "халал жезөкшелік" элементтерінің белең алып жатқаны жайлы хабар тарады. Жас қыздар исламның радикал ағымдарының өкілдеріне тұрмысқа шығады да, кейін күйеулері "талақ" сөзін айтып, олармен ажырасқаннан кейін достарына тапсырады. Бұдан кейін қыз тағы да күйеуге шығып, осы тәртіпте жалғаса береді. Нәтижесінде әйел бір жылдың ішінде бірнеше күйеуге шығып, бала босанса да, баласының әкесінің кім екенін білмеуі мүмкін делінді.

Дін істері комитетінің өкілдерінің айтуынша, мұндай мәселелер заңсыз некеге тұру және заң органдарындағы сәйкес есепке алынбай ажырасу жағдайларынан шығады әрі көбінде дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанған адамдардың арасында кең қолданысқа ие. "Мәселен, мұндай некелер (сәйкес есепке алынбаған - Авт.) көп жағдайда ата-аналардың келісімінсіз және мешіттен тыс жерде қиылады. Олар белгілі бір уақыттан кейін ешқандай жауапкершіліксіз біржақты тәртіпте бұзылуы да мүмкін. Мұндай заңсыз некелердің себебі діни сауатсыздық және шариғат нормаларын дұрыс түсінбеуден болады деп есептейміз. Мұндай некеге тұрудан және жауапкершіліксіз әрекеттерден көп жағдайда әйел адамдар зардап шегеді, олар басындағы проблемалармен жалғыз қалады және мемлекеттің сәйкес әлеуметтік қорғауынсыз қалады", - делінген ведомство жауабында.

Сонымен қатар, бұл мәселенің мемлекеттік органдарда да алаңдаушылық туғызатыны хабарланып отыр. Мысалы, отбасы институтын қорғау және нығайту мақсатында Комитет халыққа ақпараттық-түсіндіру және зардап шеккен әйелдерге көмек көрсететін қалпына келтіру орталықтарын ашу жұмыстары ерекше назарға алынады. Осыған байланысты Комитет Қазақстанның Діни басқармасына мешіттерде неке қию рәсімін азаматтар неке туралы куәлікті алған жағдайда және туыстарының куәлігімен ғана өткізуді кеңес етіп отыр.

Дінтанушы Серік Тәжібаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл оқиғаның діни сауатсыздықтан болғанын айтты. "Айтар болсақ, Пайғамбарымыздың с.ғ.с. Өзі - "Аллаға ең жеккөрінішті рұқсат нәрсе - ол талақ" деген. Исламда бағыттар бар, біздің ұстанатын сүннетте "талақ" деп, бір ауыз сөзбен ажырасу дұрыс емес. Бұл күнә. Бұл тенденция шейіттерден шыққан. Дәстүрлі исламда бұл туралы ойлаудың өзі күнә болып есептеледі", - деді дінтанушы.

Оның айтуынша, қазақ халқында мұндай үрдіс болмаған. "Бұл халқымызда 14 ғасыр бойында болып көрмеген үрдіс. "Халал жезөкше" деген тіркестің өзі дұрыс емес, бидғат. Ал, 9 рет күйеуеге шығып, ажырасқан қандасымызға исламды дұрыс түсініп, білімін арттыра көрсін деп дұға етеміз", - деді ол. Сонымен қатар, дінтанушының пікірінше, мұндай жағдайлардың алдын алуға сәйкес шаралар қабылданбаса 10-15 жылдың ішінде мұндай үрдіс Қазақстанда белең алуы мүмкін және сондықтан бұл мәселелер, оның айтуынша, заң жүзінде шешіліп отыруы тиіс.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай