Қазақстандық депутаттардың каникулы басталды. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылымның төртінші сессиясының жабылатыны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық депутаттардың каникулы басталды. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылымның төртінші сессиясының жабылатыны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз бәріміз қол қусырып отырмай, еңбектендік, көңіл-күй мен эмоцияға да ерік бердік, бірақ біздің саяси құндылығымыз бен үлкен жауапкершілік сезіміміз ортақ болғандықтан әрдайым тіл табыстық", - деді Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов және ол әріптестеріне каникулды жақсы өткізуге тілектестігін білдірді.
Биыл парламентарии каникулға кеш шықты. 17 маусымда депутаттар төртінші сессияны 15 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім шығарды, бұған дейінгі жылдарда сессия маусымның 28-і немесе 30-ы күндері аяқталатын. Төменгі палата спикері мұндай шешімді жұмыс көлемінің көптігімен түсіндіріп, мұның уақытты тиімді пайдалану мақсатында жасалғанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Президенті депутаттардың каникулын қысқартуды ұсынған болатын. Мәжілісмендер мен сенаторлар бұл ұсынысқа қатты қол соғып, жауап қатты. Назарбаевтың айтуынша, мұндай шешім депуттарға жұмысты ретпен, халықтың игілігі үшін барлық мемлекеттік органмен бір қалыпта істеуге мүмкіндік береді.
Депутаттардың келесі сессиясы дәстүр бойынша қыркүйек айының басында басталады.