01 қыркүйек 2015 11:02

Қазақстандық депутаттар каникулдан оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жоғарғы және төменгі палата депутаттары каникулдан оралып, жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Мәжіліс пен Сенат депутаттарының Қазақстан Парламентінің бесінші сессиясының V шақырылымының ашылуына орай бірлескен отырысы өтіп жатыр. Бүгіннен бастап депутаттардың барлығы жазғы каникулдан кейін қызметтеріне оралады.

Парламенттің биылғы сессиясында жаңа депутаттар жұмыстарына кіріседі. 26 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рашид Түсіпбековті Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындаған болатын. 27 тамызда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде Қанат Саудабаевты тіркеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Нөгербекұлы Нөгербековтің және Ерлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өкілеттіктері тоқтатылды. 

Айта кетейік, 25 тамызда Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтіп, бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды. Мемлекет басшысы жаңғыртудың әрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті. "Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Біз қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге бағытталған актілердің жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге келіп жеттік. Қазірдің өзінде 57 заң жобасы әзірленді, соның 29-ын Үкімет 1 қыркүйекте Парламенттің қарауына енгізеді", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети