30 маусым 2021 10:50

Қазақстан Парламенті каникулға кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламенті палаталардың бірлескен отырысында VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталғаны туралы хабарлады. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин депутаттар каникулы басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Парламентке өткен барлық партия депутаттары пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істегенін атап өтті.

"Сессия барысында депутаттар заң шығару жұмыстарымен айналысып қана қоймай, халықпен қарым-қатынас орнатты", - деді Нығматулин.

Мәжіліс мәліметі бойынша, осы сессияда екі палата 24 заң жобасын қараған, олардың 15-і қаралып, қабылданған.

Дәстүр бойынша Парламентте кезекті сессияның қорытындысы маусымның соңында шығарылады. Сессия аяқталғаннан кейін депутаттар қыркүйекке дейін демалысқа шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети