23 қараша 2021 10:09

Қазақстан полицейлеріне тұтқындардың форма тігу барысы көрсетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тұтқындардың Қазақстан полицейлеріне жаңа форма тігу барысын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тұтқындардың Қазақстан полицейлеріне жаңа форма тігу барысын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖК мәліметінше, елордалық тігін фабрикасында 86 сотталушы полицейлерге арналған жаңа киім үлгісін тігеді. Бұл жұмысқа республика бойынша барлығы 400 сотталушы жұмылдырылған.

Жыл аяғына дейін олар мына қызмет көрсету ерекшеліктері мен шарттарын ескере отырып, жаңа форманың желісін дайындайды:

  • патрульдік полиция;
  • сыртқы қызметтер;
  • учаскелік полиция инспекторлары;
  • АТС басқару аппараты.

Ең алдымен патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар жаңа формамен қамтылады.

Қызметтің барлық санаты үшін жазғы, жарты маусымдық және қысқы жиынтықтарда жарыққа шағылысатын POLISIA жазуы қолданылады.

Сондай-ақ, тактикалық аяқкиім кроссовка түрінде ұсынылатыны айтылды. Өйткені "ол аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттан, тайып кетуден, көгеріп қалудан сақтайды".

"Қауіпсіздік мақсатында қызметтік міндетін атқару кезінде металл бұйымдар - төсбелгілер, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарға ауыстырылды", - деді комитеттегілер.

"Күнделікті және салтанатты рәсімге киетін қалпақтар көлемі кішірейтілді, филиграндық бау ұлттық ою-өрнекпен тігілген. Бұйымдардағы жиек түсі қызылдан көгілдір түске өзгертілді", - деді ҚАЖК өкілдері.

Басқарма мәліметінше, әкімшілік аппарат қызметкерлеріне арналған киім үлгісін әзірлеуде әдептілік пен іскерлік стильге мән берілген.

"Шығындарды оңтайландыру мақсатында полиция полковниктері үшін қаракөл алып тасталды. Әйелдер - полиция бөлімшелері қызметкерлерінің киімдері жазда киетін нысанды киіммен толықтырылды", - деді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, жаңа форма туралы 2018 жылы айтылған болатын. Содан кейін жұмыс жобасы ұсынылып, кейінге қалдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети