20 наурыз 2024 17:17

Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында еліміздің тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс нұсқасына көшкен. Республикада 22 мыңнан аса полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары қызметке кіріскен.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда жедел басқару орталықтарын бейнебақылау арқылы визуал бақылау күшейтілді. Жалпы, Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейткен.

Еске салайық, Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады, бұл 2024 жылғы ең ұзақ демалыс күндері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети