1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды 23 наурыз 2019, 14:11

Қасым-Жомарт Тоқаев "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Ақорда баспасөз қызметі Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын, "Ұлы дала елі" орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, "Астана" алаңын, әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді.



Join Telegram