07 ақпан 2014 | 14:36

Қазақстан Президенті Сочиге табан тіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиге келіп жетті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев өз сапары барысында Қазақстанның олимпиадалық құрамасының мүшелерімен кездесіп, оларға үлкен бәсекеде сәттілік тілемек. XXII Қысқы Ойындардың ашылу салтанаты Сочидегі "Фишт" стадионында Мәскеу уақыты бойынша 20.14-те басталады. Бұған дейін Қазақстан Президентінің және Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің жұма күні дүбірлі Сочиге келетіні хабарланған еді. Сочи Олимпиадасы 23 ақпанға дейін созылады. Бұл әлемдік бәсекеге 88 мемлекет қатысып жатыр. 2800 спортшы 98 медаль жиынтығы үшін бақ сынасады. Қазақстан құрамасы бұл Ойындарға 58 жолдама алған болатын. Бүгін еліміздің фристайлшысы Юлия Галышева іріктеу сындарында сәтті өнер көрсетіп, финалдық кезеңге өтті. Ол іріктеу кезеңінде үздік ондыққа енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети