Қазақстан Президентінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президентінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды © Khabar.kz

Қазақстан Президентінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президентінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Президентінің баспасөз хатшысы болып Айдос Үкібай тағайындалды", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Бұл қызметке ол ақпарат және коммуникация министрі болып тағайындалған Дәурен Абаевтың орнына келді. 

Айдос Үкібай 1976 жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетін оқып бітірген. Әр жылдары ол "Хабар" АҚ ақпараттық жобалар департаментінің жетекшісі, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды, соңғы жылдары "Хабар" АҚ басқарды. 

Сонымен қатар Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның Грузиядағы уақытша сенімді өкілі болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети