Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Президенттің баспасөз хатшысы ақпарат және коммуникация министрі болып тағайындалды

06 Мамыр 2016, 17:19
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің басшысы болып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалсын", - делінген Ақордада жарияланған Жарлықта.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітіреді. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.
2001-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2003 -2007 жылдары ҚР Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды. 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, 2008 -2009 жылдары ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметінде болды. 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
2013 жылдың шілдесінен осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Үйленген, екі баласы бар.

Айта кетейік, ҚР Президенті елімізде жаңа министрлік құруды тапсырған болатын. "Бүгінде бұл функциялар профильді емес министрліктің құзырында. Үкіметте бұл саланы ешкім үйлестірмейді, мемлекеттің ақпараттық саясатқа бөлетін қаражатын ешкім бақыламайды. Сондықтан қазіргі ақпараттық сын-қатерлерді еңсеру үшін, Бес институционалдық реформаның барысын тиімді қолдау үшін өкілетті орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл ведомствоға мынадай маңызды міндеттерді жүктеуді ұсынды. Атап айтқанда, мейлінше өткір мәселелерді жедел анықтау және әрекет ету мақсатымен кез келген меншік формасының, соның ішінде интернет ресурстар мен әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістігін мониторингтеу;  барынша өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерттеу, халықтың ақпараттық сауалдары мен тілек-қалауын талдау және болжау; мемлекеттік ақпарат саясатын әзірлеу; барлық мемлекеттік органның ақпараттық қызметі мен белсенділігін үйлестіру және бақылау; мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды жоспарлау және мемлекет бөлген қаражаттың тиімділігін  талдау; Отандық БАҚ-ты экономиканың қазіргі заманғы сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция және инновация тарту; Электронды және баспасөз кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердің сапасын арттыру; дағдарыстық коммуникациялардың барынша пәрменді моделін құру; Халықпен, соның ішінде Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл арналарын қамтамасыз ету. Бұл ретте жаңа органды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, қаражат бөлу және оған барлық міндетті жүзеге асыру үшін айрықша өкілеттік беру тапсырылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай