Қазақстан-Ресей шекарасынан 34 келі есірткі алып өтпек болғандар құрықталды

08 Қыркүйек 2014, 12:02
0
Қазақстан-Ресей шекарасынан 34 келі есірткі алып өтпек болғандар құрықталды - ©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Қостанай шекара жасағының қызметкерлері Қазақстан-Ресей шекарасынан 34 келі есірткі алып өтпек болғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл оқиға "Қайрақ авто" өткізу пунктінде болған. Шекара қызметінің шекарашылары Қазақстаннан Ресейге "Мерседес Бенц" автомобилімен бара жатқан Қырғызстанның төрт азаматын ұстады. Тексеріп-қарау тобы көлікті тексеру барысында оның артқы орындығының еденінің қапталған тұсында жаңа бояудың жағылғанына және тығындалғанына көңіл аударды. Қызметтік иттерді пайдаланумен орындық еденінің астында есірткі заттарының болуы мүмкін екендігі анықталды. Осылайша, сірке суының ерекше иісі бар ақ түсті зат - жалпы салмағы 34 келі болатын героин тәркіленді. Аталған факті Қостанай облысының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бұдан бұрын Орал тұрғыны героинді орап, өз-өзіне пошта арқылы орамахат жібергені хабарланған болатын. Ер адам есірткіні Теміртауда белгісіз біреуден алғанын айтқан. Ол оны сонда орап, өз үйіне пошта арқылы жіберген. Сәлемдемені алғаннан кейін ҰҚҚ қызметкерлері күдіктіні 700 грам есірткімен қолға түсірген. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, есірткі тасымалдаушы қамауға алынған. Айта кетейік, ол бұған дейін де есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін бірнеше рет сотталған екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай