21 мамыр 2014 19:06

Қазақстан Сербияға гуманитарлық көмек көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Сербияға гуманитарлық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz  тілшісі.


Қазақстан Сербияға гуманитарлық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz  тілшісі.

"Сербияның  су тасқынынан зардап шеккен аумағы үшін көмек көрсетуді сұраған ресми сауалына қатысты жауап бере отырып, Қазақстан бұл елге гуманитарлық көмек жөнелтетінін жеткізеді. Оған жаймалы шатыр, ауыз су, киім-кешек және дәрі-дәрмек сынды алғашқы көмекке қажетті заттар енеді" - делінген СІМ сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетелік, Сербия өз елінде 19 мамырда орын алған су тасқыны салдарын жоюға қазақстандықтардың ат салысуын сұраған. Сербия Республикасының үкіметі су тасқыны салдарын жою мен халықты көшіру ісіне ат салысқан ресейлік құтқарушыларға, Еуропалық одаққа, Беларуссияға, Балқан түбегіндегі елдерге және өз еркімен көмек танытқан мыңдаған сербиялықтарға алғыс білдіріп отыр. Алайда, олардың мәліметі бойынша, апат көлемі және Сава өзенінің тағы да кенерінен асып, тасу қаупі әлі де көп күш жұмсауды және жағдайды реттеу үшін бірталай қаражатты талап етеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети