10 ақпан 2021 12:00

Қазақстан шығысына аяз келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан шығысына қатты аяз келеді. "Қазгидромет" синоптиктері 11-13 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан шығысына қатты аяз келеді. "Қазгидромет" синоптиктері 11-13 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, алдағы үш күн бойы Қазақстандағы синоптикалық жағдайды екі барикалық құрылым анықтайды. Бұл республиканың шығысына қарай жылжитын суық антициклон, онда температура 28-33 градусқа дейін төмендейді.

"Ал батыс өңірлерге Балқан циклоны әсер етеді, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көктайғақ, тұман болады, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.
 

Бұған дейін синоптиктер 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлаған. Болжам бойынша, күн бұлтты болады, шығыс және орталық облыстарда қар жауады, батыс және оңтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр жауады, жолдарда көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети