11 ақпан 2021 09:07

Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында көктайғаққа байланысты республикалық маңызы Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас тасжолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында көктайғаққа байланысты республикалық маңызы Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас тасжолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Уақытша шектеу 2021 жылдың 11 ақпанында 07.00-ден бастап енгізілді. Оған жауын-шашын, қар мен жаңбырдан пайда болған көктайғақ себеп болды. 

Республикалық маңызы бар Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас автожолы 63-тен 109-шақырымға дейін көліктің барлық түрі үшін жабық.

Еске салайық, "Қазгидромет" синоптиктері 11-13 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтқан болатын. Метеорологтардың айтуынша, алдағы үш күн бойы Қазақстандағы синоптикалық жағдайды екі барикалық құрылым анықтайды. Бұл республиканың шығысына қарай жылжитын суық антициклон, онда температура 28-33 градусқа дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерге Балқан циклоны әсер етеді, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көктайғақ, тұман болады, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети