23 маусым 2017 10:50

Қазақстан Сирияға әскерлерін жіберу туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БАҚ өкілдерінің Ресей Қазақстан мен Қырғызстан әскерилерін Сирияға жіберу туралы ұсыныс айтты деген хабарламасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БАҚ өкілдерінің Ресей Қазақстан мен Қырғызстан әскерилерін Сирияға жіберу туралы ұсыныс айтты деген хабарламасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанның Астананы кездесулер алаңы етуі біздің еліміздің Сириядағы қақтығысты реттеудегі үлкен үлесіміз екенін білдіреді. Қазақстан Сирияға өздерінің әскерилерін жіберу туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы төрт аумақтың қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр. Бұл туралы және басқа да мәселелер туралы Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесу барысында талқыланады", - деп хабарлады СІМ басшысы.

Сондай-ақ, мамандар Қазақстан Сирияға әскерлерін жіберген жағдайда не болуы мүмкін екенін айтқан болатын.  Саясаттанушы әрі сарапшы Ерлан Қарин бұл мәселеге былай деп пікір білдірген еді. "Мына соңғы хабарға байланысты айтарым, мынадай жағдайда тек қана қазақстандық ресми ақпарат көздеріне жүгінген дұрыс. Кезінде Еуразиялық парламент тақырыбы төңірегінде де солай болған. Ұсынылды, талқыланды деді, ал шын мәнісінде біз тараптан ондай тақырып мүлдем қарастырылмады. Сондықтан, әртүрлі ресми емес акпаратка сене берудің керегi жоқ".

Еске сала кетейік, осыған дейін түрік және ресейлік БАҚ-тар Ресейдің Қазақстан әскерлерін Сирияға жіберу туралы ұсыныс айтқанын хабарлаған болатын. Ресейдің Қорғаныс жөнідегі комитетінің басшысы Владимир Шаманов Мәскеудің Қазақстанмен және Ресеймен әскерилерді Сирияға жіберу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Сондай-ақ, ол әзірше шешімнің қабылданбағанын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети