27 қыркүйек 2022 11:02

Қазақстан суды ең көп тұтынатын елдер қатарында

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Орталық Азияның басқа республикаларымен салыстырғанда суды ең көп тұтынатын елдер қатарында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Орталық Азияның басқа республикаларымен салыстырғанда суды ең көп тұтынатын елдер қатарында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Worldometers анықтамалық сайтының мәліметінше, Қазақстан жан басына шаққандағы суды тұтыну бойынша 11-орында. Республика бойынша тәуліктік норма 3,5 мың литр. Салыстыру үшін, Ресейде бұл көрсеткіш үш есе аз - бір адамға 1,3 мың литр, Германияда - 855 литр, ал Ұлыбританияда - небәрі 348 литр.

Дегенмен, Конго Республикасы сияқты су тапшылығынан зардап шеккен Африка елдерінде тұтыну жан басына шаққанда небәрі 34 литр. Рейтингте Түрікменстан көш бастап тұр - жан басына тәулігіне 16,3 мың литр су. Басқа жетекші су пайдаланушылардың қатарында Чили, Гайана, Өзбекстан және Тәжікстан (тәулігіне орта есеппен шамамен 4,7 мың литр) бар.

Орталық Азия елдерінде тұтынудың мұндай жоғары деңгейі су тарифтерінің төмендігімен байланысты. Мәселен, Holidu платформасының мәліметтері бойынша, бір текше метр судың құны бойынша 123 қаланың рейтингінде Қазақстанның үш негізгі мегаполисі - Шымкент, Астана және Алматы бір текше метр судың құны бойынша 117, 118 және 119-орында. Яғни, Қазақстандағы құбыр суы әлемдегі ең арзан сулардың бірі. 

123 қаланың ішінде ең қымбаты норвегиялық Осло болды: мұнда судың текше метрі 5,51 еуро тұрады. Әрине, Норвегиядағы жалақы Қазақстаннан жоғары деп айтуға болады, бірақ жалақы мен тариф арасындағы айырмашылық салыстыруға келмейді. Норвегиядағы таза жалақы Қазақстандағы жалақыдан 7,7 есе көп. Бұл ретте Ослодағы сумен жабдықтау тарифтері Астанада тарифтерден 52 есе, Алматыда бірден 58 есе қымбат.

Су - ең маңызды ресурс, онсыз адамзат жойылады. БҰҰ мәліметінше, бүгінде 2,2 миллиард адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Сарапшылар елдің экологиялық жағдайы мен ұлттың әлеуметтік әл-ауқаты суды орынды тұтынуға тікелей байланысты екенін айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети