03 шілде 2019 10:04

Қазақстан тәулігіне қанша мұнай өндіреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Caspian Barrel © Caspian Barrel

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК елдерінің өндіріс көлемін ерікті қысқарту туралы келісімге мүше елдердің алтыншы министрлік кездесуі кезінде Қазақстан тәулігіне 1,79 миллион баррель мұнай өндіретінін айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24"


ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК елдерінің өндіріс көлемін ерікті қысқарту туралы келісімге мүше елдердің алтыншы министрлік кездесуі кезінде Қазақстан тәулігіне 1,79 миллион баррель мұнай өндіретінін айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Қанат Бозымбаев бастаған отандық делегация қара алтын өндіру көлемін тәулігіне 1 млн 860 мың баррельге дейін жеткізбек. Ал жыл басынан елдегі орташа тәуліктік өндіру көлемі 1 миллион 790 мың баррельді құраған болатын.

Осылайша Қазақстан ОПЕК алдындағы өндіру мөлшерін тәулігіне 70 мың баррельге қысқартып, өз міндеттемелерін асыра орындаған. Сондай-ақ отырыс барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған ортақ іс-шараларды талқылады. Қазақстан ОПЕК елдерімен және ОПЕК-ке мүше емес мемлекеттермен әлемдік мұнай нарығын оңтайландыруға және мұнай индустриясы инвесторларының сенімділігін қалпына келтіру бойынша ынтымақтастық жүргізуде.

Сондай-ақ, әлемдік мұнай бағасы түсіп жатқанын да айта кету керек. Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша, мұнай бағасы едәуір түсті. Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 2 доллар 4 центке түсіп, баррелі 62 доллар 82 цент болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 2 доллар 84 центке арзандап, бір баррелі 56 доллар 25 центке теңесті. Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 381 теңге 95 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 382-383 теңгеге сатып алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети