15 қарашада Қазақстан тәуелсіздік символдарының бірі – Ұлттық валюта күнін тойлайды. 1993 жылдың дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 қарашада Қазақстан тәуелсіздік символдарының бірі – Ұлттық валюта күнін тойлайды. 1993 жылдың дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта купюраларының алғашқы партиясы Ұлыбританияда, ал алғашқы монеталар Германияда соғылған. Осы мақсатта Еуропаға бір топ дизайнер – Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағима Дүзелханова және Хайрулла Ғабжалилов ұшып барды.
Екі жылдан кейін елде Банкнот фабрикасы ашылды, олар кейінірек жаңа банкноттарды шығара бастады. Қазақстан валютасы тәуелсіздік жылдарында көп қиындықты бастан өткерді: дизайнның өзгеруі, девальвацияның бірнеше толқыны, инфляция.
Теңге алғаш айналымға енгізілген кезде бір доллардың құны 4,70 теңге болған. Келесі төрт жылда ұлттық валюта баяу, бірақ сенімді түрде құнсызданып, 1998 жылы бір доллар 84 теңгеге жетті.
Бастапқыда 1 теңгеден 100 теңгеге дейінгі банкноттар болды. Алғашқы банкноттарда белгілі тарихи тұлғалардың портреттері бейнеленген:
- 1 теңге - әл-Фарабидің портреті;
- 3 теңге - Сүйінбайдың портреті;
- 5 теңге - Құрманғазы портреті;
- 10 теңге - Шоқан Уәлихановтың портреті;
- 20 теңге - Абай Құнанбаевтың портреті;
- 50 теңге - Әбілқайыр ханның портреті;
- 100 теңге - Абылай ханның портреті.
1000 теңге 1995 жылы айналымға енгізілсе, 2000 теңге 1996 жылы алғаш басылып, 5000 теңгелік банкнот 1998 жылдан бері айналымда. 2006 жылы 200 теңгеден 10 000 теңгеге дейінгі жаңа сериядағы банкноттар басылды.
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов©
2001 жылы тиындар сатып алу қабілетінен айырылғандықтан, оларды айналымнан шығару туралы ереже бекітілді.
2015 жылдың 1 желтоқсанында ұлттық валютаның айналымға енгізілгеніне 20 жыл толуына орай номиналы 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!