30 қараша 2020 14:33

"Қазақстан ядролық қаруды сынаудың барлық қасіретін бастан өткерді". Назарбаевтың видеоүндеуі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн-конференцияға қатысушыларға арнаған видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн-конференцияға қатысушыларға арнаған видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"COVID-19 пандемиясы теңдесі жоқ дағдарысты тудырды, бірақ адамзат өз тарихында бірнеше рет осындай деңгейдегі қиындықтарға тап болып, жеңіске жетті. Халықаралық қоғамдастық осы стресс-тесттен сәтті өтіп, жеңімпаз атанатынына сенімдімін.

Биыл әлем қайғылы күнді атап өтті - 75 жыл бұрын алғаш рет ядролық қару қолданылды. Содан бері адамзаттың бірнеше ұрпағы өсіп, Хиросима мен Нагасаки апаттары біртіндеп ұмытыла бастады. (...)", - деді Елбасы үндеуінде.

Қазақстан Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың барлық қасіретін бастан өткерді. Онда біздің 1,5 миллион отандасымыз зардап шекті. Содан менің қаулым бойынша 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылды. Бұл тарихи күн болды. Кейінірек басқа да мемлекеттер полигондарын жапты", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Назарбаев үндеуінде қазақстандықтарға алғыс білдіре отырып, әлем ядролық қарудан біржола құтылады деген сенімді екенін білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети