Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа көлік паспорты енгізіледі

05 Наурыз 2018, 09:08
0
Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа көлік паспорты енгізіледі -

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда көлік құралдарының электронды паспорты енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.

Электронды паспорт арқасында автомобиль "өмірінің" толық тарихын, оның ішінде шектеулер мен қиындықтары, техникалық қызмет көрсету сапасы мен көлемі, көлік құралдарының жол-көлік оқиғаларына түскен-түспегені жайлы мәліметтер беріледі. 

Электрондық паспорт Еуразиялық экономикалық одақта құжат рәсімдеуді оңайлатады және бизнестегі операциялық шығындарды азайтады, сондай-ақ, көлікті пайдаланудың барлық кезеңінде ашықтығы мен қалай күтілгені жайлы мәліметі болады. 

Электронды паспортқа көліктің немесе мотоциклдің өндіріліп, ЕАЭО-ға кірген уақытынан бергі тарихы жазылады. Бұл құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін жояды деп күтіледі. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам оның тарихымен арнайы порталдан көре алады.

"Электрондық паспортқа бірте-бірте өтеміз. Паспорт ЕАЭО елдеріне бірдей болады", - делінген хабарламада.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай