Қазақстанда 109 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 109 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 2026 жылғы наурыз температураның ауытқуымен есте қалды: айдың басында қақаған аяз, аяғында аномальді жылы болды. Сонымен қатар, осыдан 109 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.


Наурыздағы температуралық рекорд

Наурыздың басында Қазақстан Таймырдан келген суық ауа массаларының ықпалында болып, соның салдарынан қатты аяз орнады. Батыста түнде температура -25 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста -35 градусқа дейін, ал оңтүстікте -20 градусқа дейін төмендеді.

10 наурызда Петропавлда соңғы 100 жылдағы абсолюттік минимум тіркелді: -34,3 градус (бұған дейінгі рекорд 1917 жылы тіркелген: -30,5 градус).

Наурыздың үшінші онкүндігінде нағыз көктем келді. Бірнеше метеостанцияда жаңа температуралық рекорд тіркелді:

  • 21 наурыз: Атырау +21,6 градус (2001 жылғы ескі рекорд +18,2 градус), Ақтөбе +11,9 градус (2013 жылғы ескі рекорд +8,1 градус);
  • 24 наурыз: Петропавл +7,3 градус (1995 жылғы ескі рекорд +6,6 градус);
  • 25 наурыз: Атырау +23,5 градус (2023 жылғы ескі рекорд +22,8 градус), Көкшетау +10,6 градус (2001 жылғы ескі рекорд +9,4 градус);
  • 26 наурыз: Көкшетау +15,1 градус (2009 жылғы ескі рекорд +12,3 градус);
  • 27 наурыз: Көкшетау +16,5 градус (2008 жылғы ескі рекорд +14,7 градус), Петропавл +14,5 градус (2008 жылғы ескі рекорд +10,8 градус), Түркістан +31,5 градус (2001 жылғы ескі рекорд +27,1 градус);
  • 28 наурыз: Атырау +24,5 градус (2023 жылғы ескі рекорд +22,6 градус), Көкшетау +17,9 градус (2008 жылғы ескі рекорд +12,8 градус), Петропавл +17,0 градус (2023 жылғы ескі рекорд +13,0 градус);
  • 29 наурыз: Орал +22,7 градус (2020 жылғы ескі рекорд +18,9 градус);
  • 30 наурыз: Атырау +24,8 градус (2023 жылғы ескі рекорд +24,6 градус), Жезқазған +24,4 градус (2008 жылғы ескі рекорд +20,4 градус).

Елордадағы ауа райы

Астанада наурыздағы орташа температура -6 градус болатын айлық нормадан 3,5 градусқа жоғары болды. Ең төменгі температура 1 наурызда -24,5 градус, ең жоғарғы температура 31 наурызда +16,7 градус болып тіркелді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +27
Ақтөбе +28
Атырау +23
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +31
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +30
О
Орал +28
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер