Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Өткен жылы Қазақстанда 125 науқастың бүйрегі алмастырылды, бұл туралы Tengrinews.kz-ке ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік мамандарының мәліметінше, елімізде соңғы үш жыл ішінде жоғары технологиялардың көмегімен емделген науқастардың саны 13 есе артып, 52 мыңға жетті. Оның 30%-ы - ауыл тұрғындары. "Азаматтардың 55%-ы алысқа бармай-ақ, өз өңірлерінде: облыстық немесе қалалық ауруханаларда жоғары технологиялармен емделген. Бұл жағдай ғылыми орталықтар және институттардан берілетін трансферттер көлемінің артуы есебінен мүмкін болып отыр", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. Бұрын бүйрек алмастыру үшін науқастар ауқымды қаржы жұмсап, шетелге баруға мәжбүр болатын. Қаржы таппағандардың жағдайы белгілі. Енді отандық медицинаға жоғары технологиялардың белсенді түрде енгізілуі бұл мәселенің шешілуіне ықпал етіп отыр. "Егер 2009 жылы еліміз бойынша 4 адамға бүйрек алмастыру отасы жасалса, 2013 жылы 125 науқастың бүйрегі алмастырылды. Басқа да органдарды қосқанда былтыр жалпы 177 трансплантация жасалды", - дейді мамандар. Тұрғындар арасында жоспарлы емдеуге жатқызу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Емдеуге жатқызу бюросы порталы» жұмыс істей бастады. Бұл портал азаматтарға ауруханаларды еркін таңдауға, стационарлар, емханалар және науқастар арасында өзара байланысты жақсартты. Жоспарлы емделу үшін ауруханаларды еркін таңдайтын азаматтар саны жыл өткен сайын артып келеді. 2013 жыл қорытындысы бойынша 830 мыңнан астам адам еркін таңдау жасаған. Үш жылда олардың саны 2,3 есеге көбейді.
Өткен жылы Қазақстанда 125 науқастың бүйрегі алмастырылды, бұл туралы Tengrinews.kz-ке ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік мамандарының мәліметінше, елімізде соңғы үш жыл ішінде жоғары технологиялардың көмегімен емделген науқастардың саны 13 есе артып, 52 мыңға жетті. Оның 30%-ы - ауыл тұрғындары. "Азаматтардың 55%-ы алысқа бармай-ақ, өз өңірлерінде: облыстық немесе қалалық ауруханаларда жоғары технологиялармен емделген. Бұл жағдай ғылыми орталықтар және институттардан берілетін трансферттер көлемінің артуы есебінен мүмкін болып отыр", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұрын бүйрек алмастыру үшін науқастар ауқымды қаржы жұмсап, шетелге баруға мәжбүр болатын. Қаржы таппағандардың жағдайы белгілі. Енді отандық медицинаға жоғары технологиялардың белсенді түрде енгізілуі бұл мәселенің шешілуіне ықпал етіп отыр. "Егер 2009 жылы еліміз бойынша 4 адамға бүйрек алмастыру отасы жасалса, 2013 жылы 125 науқастың бүйрегі алмастырылды. Басқа да органдарды қосқанда былтыр жалпы 177 трансплантация жасалды", - дейді мамандар.
Тұрғындар арасында жоспарлы емдеуге жатқызу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Емдеуге жатқызу бюросы порталы» жұмыс істей бастады. Бұл портал азаматтарға ауруханаларды еркін таңдауға, стационарлар, емханалар және науқастар арасында өзара байланысты жақсартты. Жоспарлы емделу үшін ауруханаларды еркін таңдайтын азаматтар саны жыл өткен сайын артып келеді. 2013 жыл қорытындысы бойынша 830 мыңнан астам адам еркін таңдау жасаған. Үш жылда олардың саны 2,3 есеге көбейді.