23 қаңтар 2015 15:53

Қазақстанда 130-дан астам мектеп ғимараты құлайын деп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mediatv.kz ©mediatv.kz

Қазақстанда апат жағдайындағы 136 және үш ауысыммен оқытатын 99 мектеп бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда апат жағдайындағы 136 және үш ауысыммен оқытатын 99 мектеп бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда ғимараты құлағалы тұрған мектептердің саны 106-ға, ал үш ауысыммен оқытатын мектептердің саны 22-ге азайған. Сөйтіп, бүгінде апат жағдайындағы мектептердің қатары 136 болды, ал ғимаратының тарлығына байланысты балаларды үш ауысыммен оқытуға мәжбүр болып отырған білім мекемелерінің саны 99 болды. 

Министрліктің мәліметінше, 2014 жылы 9 мың педагог білімін жетілдірген. Жалпы алғанда, 2012-2014 жылдары 40 мың мұғалім (педагогтардың жалпы санының 13,3 пайызы) біліктілікті арттырудың 3 айлық курсынан және 150 мың ұстаз (50,8 пайыз) қысқамерзімді курстардан өтті. Айта кетейік, біліктілікті арттырудың деңгейлік курсынан өткен және біліктілік емтиханын сәтті тапсырғандардың еңбекақысына 30-дан 100 пайызға дейінгі үстеме ақы қосылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын. Министрлік еліміздің жаңа экономикалық саясатын назарға алып, 12 жылдық білім беруді енгізуді кейінге қалдыру туралы Үкіметке ұсыныс жасады. Осылайша еліміздегі оқушылар мектепті 11 сыныппен аяқтай беретін болды, ал балалар 1-сыныпқа бұрынғыдай 6-7 жастан бастап қабылданады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети