30 маусым 2017 10:57

Қазақстанда 17 мың студент қалтасы көтермей оқуды тастап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gazeta.ru © gazeta.ru

2016-2017 оқу жылында қаржы қиындықтарына байланысты 17 мың студент жоғарғы оқу орындарынан шығып кеткен, олардың 11 мыңы - жекеменшік оқу орнының студенттері, - дейді Ranking.kz сарапшылары.


2016-2017 оқу жылында қаржы қиындықтарына байланысты 17 мың студент жоғарғы оқу орындарынан шығып кеткен, олардың 11 мыңы - жекеменшік оқу орнының студенттері, - дейді Ranking.kz сарапшылары.

Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, биыл еліміздегі ЖОО-дағы студенттердің жалпы саны 4 пайызға өсіп, студенттердің саны 477 мың адамға жеткен. Бірақ шәкіртақы алушылардың саны 3 мыңға адамға азайған. Осылайша, Қазақстанда шәкіртақы алатын студенттердің саны 31 пайыздан 29,4 пайызға азайған.

"Биыл мемлекет студенттердің шәкіртақысына 13 пайызға немесе 56 миллиард теңгеге көп қаражат бөледі. Орта есеппен алғанда шәкіртақы алушы жылына 400 мың теңге алатын болады. Елімізде мемлекеттік грант пен мемлекеттік тапсырыспен 140,3 мың студент оқып жатыр. Қалған 337 мың студент ақылы білім алып жатыр", - деді мамандар.

Олардың айтуынша, жекеменшік ЖОО-дағы шәкіртақы алушылардың үлесі 17 пайызды құраса, мемлекеттік оқу орындарында шәкіртақы алатын студенттер 44 пайызды құрап отыр. 

Сондай-ақ, еліміздегі 477 мың студенттің 254,4 мыңы - жекеменшік ЖОО-да оқыса, мемлекеттік ЖОО-дағы студенттердің саны 217,2 мың адамға жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети