13 қазан 2014 | 13:11

Қазақстанда 20 отбасы педофилдерге кешірім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстанда біржарым жыл ішінде жас балаларды азғындыққа итермелеген педофилдерді 20 отбасы кешірген, істер сотта екі жақ тараптардың ымыраға келуімен шешілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Жоғарғы соты өкілінің мәліметі бойынша, 2013 жылы жас балаларды азғыру бойынша 35 іс жабылған, ал 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 23 іс жабылған.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда біржарым жыл ішінде жас балаларды азғындыққа итермелеген педофилдерді 20 отбасы кешірген, істер сотта екі жақ тараптардың ымыраға келуімен шешілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Жоғарғы соты өкілінің мәліметі бойынша, 2013 жылы жас балаларды азғыру бойынша 35 іс жабылған, ал 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 23 іс жабылған.

"2013 жылы қаралған - балаларды азғындыққа итермелеу бойынша 12 іс, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 8 іс жәбірленушімен ымыраға келумен тоқтатылды", - делінген Жоғары соттың Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында. Осылайша ата-аналар өз балаларын жәбірлеушілерге кешірім берген. "Ең көп қылмыстық іс 2013 жылы Ақтөбе облысы және Алматы қаласында (алты істен), Қарағанды және Маңғыстау облыстарында (төрт істен), Алматы және Қызылорда облыстарында (3 істен) қаралған. 2014 жылы 6 ай ішінде - Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (үш істен)", - делінген жауапта. 

Жақында Шығыс Қазақстан облысында 10 жастағы қызға шабуыл жасаған 32 жастағы азамат ұсталды. Полиция өкілінің хабарлауынша, ұсталған азамат мұның алдында да осы тектес қылмыс бойынша жауапкершілікке тартылған, бірақ іс тараптардың ымыраласуымен аяқталды. "Зайсан қаласының тұрғыны сағат 19.00 шамасында 10 жастағы қызға шабуыл жасаған, оны құлатып, зорлағысы келген. Бірақ қыз мектеп сөмкесін үйге апарып, қайта келетінін айтқан. Үйге қайтар жолда көршілерін көріп, олардан көмек сұраған. Олар полиция шақыртып, ер адамды құрықтады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, "Зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдануға оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот тұтқынға алуды бекітті", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі өкілі.  

Айта кетейік, Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексі бала зорлау әрекетіне тұңғыш рет өмір бойы қамауға алу жазасын енгізіп отыр. Сонымен қоса, сот 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдана алады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларды зорлау жаза мерзімі ұзарады, бұл қылмыс үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айтпақшы, қазір соттар жаза ретінде 9 жылға бас бостандығынан айырады. Жаңа кодексте педофилдің жәбірленушімен ымыраға келуіне, шартты түрде сотталуына және мерзімінен бұрын немесе шартты түрде босатылуына рұқсат бермейді.

Бұған қоса, адвокат Жохар Өтебековтың мәліметінше, 2013 жылы жас балаларды азғындыққа итермелеу бойынша 37 іс сауықтырмайтын негіз бойынша жабылған. "Бұл дәл осы тараптардың ымыраласу мәселесі туралы. Сотқа 58 іс жөнелтілген. Оның қаншасы тараптардың ымыраласуымен біткені жайлы ашық мәлімет жоқ, бірақ аз емес екеніне сенімдімін. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында полиция сауықтырмайтын негіздермен 21 істі тоқтатты. Сотқа 24 іс жөнелтілді, қанша педофилдің ымыраға келгені белгісіз", - деді Өтебеков. Еске сала кетейік, 2014 жылдың маусым айында Батыс Қазақстан облысында ағылшын азаматы жас қыздарды азғындыққа салғаны үшін сотталды. Сот Питер Барохты 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети