25 ақпан 2014 | 16:26

Барох Питердің үстінен тағы жеті ата-ана шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барох Питер. ©Uralskweek.kz Барох Питер. ©Uralskweek.kz

Кәмелетке толмағандарды азғындыққа салды деп айыпталып отырған ағылшын Барох Питердің үстіне Атырау қаласынан тағы жеті шағым түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мағауия Құрмашев айтты. Оның мәліметінше, 24 ақпан күні батысқазақстандық тергеушілер Атырау қаласынан оралды. Атырау қаласында тұратын қыз балалардың ата-аналарынан Барох Питердің әрекетіне қатысты жеті шағым түсіп отыр. Бұл жасөспірімдердің фотосуреттері Питерден табылған. "Атыраулық жәбірленушілердің жасы - 16-17-лерде. Тағайындалған сараптама олардың фотосуреттерінің порнографиялық элементтері бар эротикалық мазмұнда екенін көрсетті", - дейді Құрмашев. Әуеліде полицейлер Барох Питерге қатысты "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды әзірлеу және айналымға енгізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Одан кейін "Кәмелетке толмағандарды бірнеше мәрте азғындыққа салу" бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта Питердің порнографияны таратқан-таратпағаны тексеріліп жатыр. Ағылшын азаматы суреттерді өзі үшін ғана түсіргенін айтып отыр. Дегенмен Мағауия Құрмашев "Оның кейбір суреттерді ел ішінде ішінара тасымалдануына жол бергені жөнінде дерек бар. Ол қыздардың суретін екі адамға берген", - дейді. Еске салайық, 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы туған қыздың анасы полицияға шағымданып, белгісіз бір адамның өзінің қызын жалаңаш күйде видеоға түсіргенін айтқан болатын. Іздестіру шарасы кезінде "Шағала" қонақүйінен Ұлыбританияның 38 жастағы азаматы қолға түсті. Құқық қорғау органы өкілдерін көрген кезде ол қолындағы ақпарат сақтағыш құралын қысқатолқынды пешке салып, жойып жібермек болған. Питердің адвокаты сотқа шағымданып, қылмыстық істі тоқтату және тергеушілердің оқиға орнын тексеруін заңсыз деп тану туралы өтініш білдірді. Орал соты шағымды ішінара қанағаттандырып, тергеушінің әрекетін заңсыз деп тапты, бірақ қылмыстық істі тоқтатуды құптамады. Ұлыбритания азаматы "Жайықмұнай" ЖШС-нің құрылыс жөніндегі маманы болып жұмыс істеген, "Шағала" қонақүйінде уақытша тұрған. Ғаламторда оны тұтқындап, қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде петиция пайда болды, екі күн ішінде оған 2 мыңға жуық адам қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети