Қазақстанда 2025 жылға қарай жол сапасы жақсарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2025 жылға қарай жол сапасы жақсарады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев 2025 жылға қарай Қазақстанда жол сапасы жақсаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев 2025 жылға қарай Қазақстанда жол сапасы жақсаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер онлайн-брифингте вице-министрден елімізде сапасы жақсы жолдар қашан салынатынын сұрады.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін республикалық жолдарды 100 пайыз нормативтік жағдайға келтіруіміз керек..." - деді Камалиев.

БАҚ өкілдері вице-министрдің сөзін бөліп, "дәріс оқымауын" сұрады.

"Бұл дәріс емес, БАҚ-қа бар ақпаратты жеткізу. Өздеріңіз білесіздер, біз әлемде тоғызыншы орында тұрмыз. Сондықтан, бес жылдан кейін барлық жол сапасы жақсарады деп айту...

Менің айтайын дегенім, бізде ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда жолдар жаман емес. Басқа елдерде жолдарды қарап жүреміз. Бүгінде Ресей Федерациясына дейін салынған автобандар, бетон жолдар бар. Бетон жолдар 2006 жылы салына бастады. Бүгінде Астана-Бурабай жолы қызмет етеді. Басқа жолдар да жаман емес. Бірақ егер сандар сіздерді қызықтырмаса, 2025 жылға қарай республикалық және жергілікті жолдарды "сапасы жақсы" деп айта алатын жағдайға келтіреміз", - деп жауап берді Камалиев.

Бұған дейін, вице-министр Берік Қамалиев Қазақстандағы жолдардың сапасы туралы сынға да жауап берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети