09 қыркүйек 2021 14:53

Вице-министр Қазақстандағы жолдардың сапасы туралы сынға жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Қазақстандағы жол құрылысының сапасы мен оған бөлінетін қаржы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Қазақстандағы жол құрылысының сапасы мен оған бөлінетін қаржы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда автожол құрылысы құнына қатысты сұрақтар жиі қойылады. Мысалы, жолдарымыздың орташа құны жол санатынан, жол төсемінің құрылымынан 1-ден 2,5 миллион долларға дейін, көрші елдерде, Еуропа елдерінде бұл баға 3-тен 5 миллион долларға дейін.

Жоба құны, әрине, "Мемсараптама" РМК-ның мемлекеттік сараптамасынан өткеннен кейін жобалық-сметалық құжаттама негізінде айқындалады. Жұмыстың сапасы, әрине, жұмыстарды қабылдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тексеріледі", - деп жауап берді Қамалиев.

Ол министрлік жұмыстар сапасына ерекше назар аударатынын айтты. Ол соңғы уақытта ел Президенті тарапынан және әлеуметтік желілерде жол құрылысының сапасы бойынша көптеген сын-пікір байқалатынын айтты.

"Біз осы бағыттағы кейбір аспектіні айтқанды жөн көрдік. Бұл ЖСҚ сапасының төмендігі. Жобалардың сапасын арттыру мақсатында аудандастыруды, аймақтарға бөлуді, климаттық жағдайларды, топырақтың қату тереңдігін ескере отырып, жобалау нормаларын қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Климаттық жағдайларды ескере отырып, жол төсемдерін жобалау бойынша жаңа үлгілік шешімдер әзірленеді", - деп толықтырды Қамалиев.

Сондай-ақ, вице-министр жол мәселелеріне құрылыс алаңындағы сапаны бақылау нашарлығы да әсер ететінін айтты.

"Бұл мердігерлік ұйымдар мен техникалық қадағалау қызметі инженерлері біліктілігінің төмендігінен. Шешу жолдары: сапа бойынша білікті инженерлерді тарту, техникалық қадағалау инженерлеріне қойылатын талаптарды күшейту. Олар біздің мердігерлеріміз сияқты ортақ жауапкершілікті мойнына алады", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Берік Қамалиев Мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы ережелері жол құрылысының ерекше жағдайларын ескермейтінін айтты. Сондықтан сатып алу рәсіміне жекелеген талаптарды енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады: қосалқы мердігерлік жұмыстарға беру 30 пайыздан аспайды, бас мердігер осы жұмыстың бәрін өзі орындауы үшін техникасы мен жабдықтарының 70 пайызының болуы.

Ол Қазақстан аумағы бірнеше климаттық аймақтарда орналасқанын және топырақтың қату индексі Оңтүстікте 100 сантиметрден солтүстікте 1900 сантиметрге дейін түрленетінін қоса айтты. Нұр-Сұлтанда топырақ қатуының максимал тереңдігі - 331 сантиметр, Алматыда - 129 сантиметр.

"Жолдардың сапасын арттыру жөніндегі шаралардың бірі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК-мен республикалық желінің ғана емес, жергілікті көше-жол желісінің де жұмыс сапасын бақылау бойынша бірыңғай шарт жасасу саналады. Осы мақсат үшін Үкіметтің қолдауымен 2022 жылға арналған бюджет жобасында республикалық бюджеттен орталықтандырылып 2,5 миллиард теңге қаржыландыру көзделген. Бұл ұсыныс сапаны тиісті бақылауды қамтамасыз етеді және жергілікті атқарушы органдардан көбірек дербестікті талап етеді. Жалпы, жол жөндеу жұмыстарының сапасына арнайы құрылған ұлттық сапа орталығы сараптама жүргізеді", - деп түйіндеді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети