Қазақстанда 28 градусқа дейін күн жылынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 28 градусқа дейін күн жылынады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суықтың беті қайтады

Метеорологтардың мәліметінше, скандинавиялық антициклон сілемі Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, қалыпты суық ауа райын сақтап тұрады, алайда ауа массаларының алмасуына байланысты температура біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.

"Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, жел күшейеді деп болжанып отыр. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы

Күндіз Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында 15-23 градусқа дейін, шығысында 10-18 градусқа дейін, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 17-28 градусқа дейін жылынады.

Синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың мамырына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы, ал жауын-шашын мөлшері әртүрлі деңгейде болады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.2   555.05   6.18 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер