23 наурыз 2021 13:27

Қазақстанда 30 жылда қанша Наурыз өмірге келді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері мыңдаған адамға Наурыз есімі берілген. Мерекеге орай Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросымен бірге елімізде қанша Наурыз тұрып жатқанын есептеді.  


Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері мыңдаған адамға Наурыз есімі берілген. Мерекеге орай Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросымен бірге елімізде қанша Наурыз тұрып жатқанын есептеді.  

Елімізде тәуелсіздік алғалы бері 1040 балаға Наурыз есімі берілген. Бұл есіммен қыздарды да, ұлдарды да атаған. Оның жартысына жуығы - 443 адам соңғы он жылда туған. Ал былтыр 48 балаға Наурыз есімі берілген. 

Көбіне Наурыз есімін Маңғыстау облысының тұрғындары қойған - 181 адам, одан кейін Түркістан облысында - 157 адам. Үшінші орында Қызылорда облысы - бұл аймақта 135 Наурыз өмірге келген. 

Ал Солтүстік Қазақстанда 4, Павлодар облысында 11, Ақмола облысында 12 балаға Наурыз есімі берілген. 

Нұр-Сұлтанда 20 Наурыз, Алматыда - 30, Шымкентте - 63 Наурыз өмір сүріп жатыр. 

Қазақстанда Наурыздан бөлек Наурызбек, Наурызбай, Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан есімдері де кездесіп жатады. 

Ал биыл 53 қазақстандыққа түбірі Наурыз сөзі бар есім берілген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети