17 наурыз 2014 10:15

Қазақстанда 600-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі ©ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі

Қазақстанның жолдарынан бір тәулікте 600-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қар басқан жолдардан ішінде 569 адамы бар 236 автокөлік эвакуацияланды. Ақмола облысында қар басқан жолдардан 510 адам құтқарылды. Оның ішінде бес сәби бар. Қорытындысында бұл оқиғалардан ешкім зардап шеккен жоқ. Солтүстік Қазақстан облысында қар құрсауынан 13 адам құтқарылды. Оның ішінде екі сәби де болған. Ведомстваның мәліметінше, Қостанай облысында 54 адам эвакуацияланған. "Жалпы республика бойынша барлығы 596 адам (оның ішінде жеті сәби бар) және 236 бірлік техника (оның ішінде бір автобус) қауіпсіз жерге көшірілді",- делінген ТЖМ хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети