Қазақстандағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық заемдар беріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық заемдар беріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бірнеше банктің ипотекалық қарыздарды бергенін айтады.
"Екінші деңгейдегі банктерге келісімге отырдық. Алматыда, Астанада, Ақтауда, Өскеменде, Оралда ипотекалық қарыздар беріліп қойды. (...) Осыған дейін айтылған банктер неліктен бірінші болып берді. Біріншіден, олар өздері бастама болды. Себебі кез келген банк бағдарламаға қатысқысы келе бермейді. Ол банктің нарықта тәжірибесі болмауы мүмкін, біз банктерді мәжбүрлей алмаймыз. Біз ипотекалық қарыз беріп жатқан банктермен бірнеше рет жиын өткіздік. Олар барлық талапқа келісетінін айтты", - дейді Ақышев.
Сондай-ақ, Ақышев "Баспана" ипотекалық ұйым құрылғанын айтып өтті. Айтуынша, ол ұйым өзінің ресми интернет-ресурсы, Call-орталығы пайда болды.
Мұның алдында "7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері аталған еді.Тізімде 7 банк бар: Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Bank RBK, Қазақстанның Ұлттық банкі, Цеснабанк, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.
Еске сала кетейік, биыл наурыз айының басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй ипотекасын қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25" бағдарламасын таныстырған болатын.
"(...) Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек", - деп түсіндірген еді Назарбаев.
Сондай-ақ, осыған дейін "7-20-25" ипотекасы қашан беріле бастайтыны айтылған еді. Ал 19 маусымда "7-20-25" тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілген болатын.
"7-20-25" бағдарламасына қалай қатысуға болады?