Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті Фото: © Reuters

Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті. Елде бір тәулік ішінде 31 науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті. Елде бір тәулік ішінде 31 науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

COVID-19-дан 27 адам, ал пневмониядан төрт адам қайтыс болды.

Айта кетейік, 6 сәуір қарсаңында коронавирус пен пневмониядан 26 адам, 5 сәуірде 20 адам, 4 сәуірде 11 адам, 3 сәуірде 15 адам, 2 сәуірде 14 адам, 1 сәуірде 18 адам қайтыс болғаны хабарланды.

Қайтыс болған науқастар туралы мәлімет екі күн кешіктіріліп жарияланатыны көрсетілген.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 белгілері бар пневмония туралы мәліметтерді жариялады. Бір тәулікте 116 жаңа жағдай тіркелді. 163 адам емделіп шықты.

Еске салайық, коронавирус жұқтырған науқастар саны көбейді. Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет елде 2 мыңнан аса науқас анықталды. Алматы тағы да бірінші тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети