26 шілде 2022 16:35

Қазақстанда адам саудасына қарсы заң әзірленіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Қазақстанда алғаш рет адам саудасына қарсы күрес туралы заң әзірленіп жатыр. Ішкі істер министрлігі қазір бұл қылмыс түрлеріне қатысты жеке заң жоқтығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда алғаш рет адам саудасына қарсы күрес туралы заң әзірленіп жатыр. Ішкі істер министрлігі қазір бұл қылмыс түрлеріне қатысты жеке заң жоқтығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі басты бағыттарының бірі - Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасын әзірлеу. Адам құқықтарын қорғау және адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық конвенцияларда ратификацияланған көптеген ереже ұлттық заңнамаға енгізілді. Бұл ретте елімізде жеке заң қабылданған жоқ", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов.

Тұжырымдаманы әзірлеу 2022 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Ал заң жобасы 2023 жылдың сәуірінде қабылданады деп жоспарланған.

"Жалпы, заң жобасы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін құруға, уәкілетті органдарды анықтауға, ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелерін реттеуге, кәмелетке толмаған жәбірленушілерді қорғауды қамтамасыз етуге, адам саудасының шетелдік құрбандарына көмек көрсетуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға және басқаларына бағытталған", - деп түсіндірді Нұрмағамбетов.

Ол заң жобасының тұжырымдамасы тамызда "Ашық НҚА" порталында және eGov.kz сайтында жарияланатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети