26 шілде 2022 18:26

Көбіне құлдыққа өз еркімен келіседі - адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов Фото Тұрар Қазанғапов

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова еңбек құлдығына қарсы күрес жұмысшылардың еңбекке келісім беруімен қиындай түсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова еңбек құлдығына қарсы күрес жұмысшылардың еңбекке келісім беруімен қиындай түсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдар мұндай жағдайға (еңбекке немесе сексуалдық құлдыққа - еск.) еркінен тыс қана емес, өз келісімімен де тап болады. Көбіне күмәнді және күдікті еңбек жағдайларына келіседі. Тәртіп бұзуға өздері барады, полиция қаншалықты тиімді жұмыс істесе де, мәселе сол күйінде. Мұндай жағдайға бірінші рет түспегендері де бар. Бұл қылмыстар ұзаққа созылады. Сондықтан алдын алу, талдау және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыстары маңызды", - деді Әзімова.

Ол заңнамада адам саудасының алдын алу шараларын әзірлеу үшін Қазақстанға халықаралық сарапшылар шақырылатынын түсіндірді.

"Олар бізге жаңадан бірдеңе ойлап таппай, ұлттық болмысымызға тиімді және ел заңнамасының ұлттық тәсілдеріне сәйкес келетін оң шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді", - деді Әзімова.

Еске салайық, Қазақстанда алғаш рет адам саудасына қарсы күрес туралы заң әзірленіп жатыр. Ішкі істер министрлігі өкілдері қазір бұл қылмыс түрлері бойынша жеке заң жоқ екенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети