24 ақпан 2022 16:53

Қазақстанда АЭС құрылысы салынуын қолдаймын - Бозымбаев

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстанға базалық қуат көзі ретінде Атом электр станциясы (АЭС) қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстанға базалық қуат көзі ретінде Атом электр станциясы (АЭС) қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бірден айтайын: Қазақстанда атом станциясы салынуын қолдаймын. Мен ұзақ уақыт энергетика саласында жұмыс істедім. Институттар бірнеше жылдан кейін электр энергиясы тапшылығы болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бізге базалық қуат қажет", - деді облыс әкімі.

Бозымбаев Атом электр станциясын салуға байланысты қорқыныш қазақстандықтарда гендік деңгейде екенін атап өтті.

"Бұл мәселеге өте мұқият қарауымыз керек. АЭС қай жерде салынатынын, Балқаш немесе Ертіс жағалауында салына ма білмеймін, бірақ, әрине, су қажет. Айналмалы сумен жабдықтау мәселесі бар, ол салқындату үшін қажет. Станцияны салу орнын анықтау облыс әкімі ретінде менің міндеттеріме кірмейді. Бұған қатысым жоқ. Мені АЭС салу үшін Алматы облысының әкімі етіп тағайындады деген қауесет жай ғана ойдан шығарылған нәрсе", - деп түйіндеді аймақ басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети