15 маусым 2023 15:25

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум болмайды - энергетика вице-министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сенат отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Алаңның орналасқан жері туралы мәселе бар, бұл біріншіден. Екінші мәселе, ең маңыздысы - технология және қаржылық-экономикалық модель", - деді вице-министр Сенат отырысында.

Министрдің айтуынша, құрылыстың мерзімі, сондай-ақ болашақ станцияның ресми орны әлі анықталмаған. Осыған қарамастан Қазақстанға шет елдерден әлеуетті мердігерлерден ұсыныстар түсуі жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін 2023 жылы АЭС орналасатын жерді таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети