13 қазан 2021 15:06

Қазақстанда ажырасу жиілеуіне байланысты оқушыларға арнайы сабақ өткізу ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Қазақстанда ажырасу көбейгеніне назар аударды. Елімізде күн сайын 150 жұп ажырасады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін депутат еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақ енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Қазақстанда ажырасу көбейгеніне назар аударды. Елімізде күн сайын 150 жұп ажырасады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін депутат еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақ енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде өте маңызды мәселенің бір ұшы жастардың ажырасуына байланысты болып отыр. Өйткені отбасын құру, көпбалалы болу - халық санын көбейтудің негізі.

2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін 709,6 мың неке тіркелген, ал ажырасқан отбасылардың саны - 274,5 мың. Яғни тіркелген некемен салыстырғанда ажырасулар саны 35 пайыздан 43 пайызға дейін өсті. Кейінгі 5 жылда күніне 389 неке тіркеліп, 150 отбасы ажырасқан", - деді Д.Мыңбай Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, 2019 жылы 59 796 неке бұзылған, яғни бір күнде 164 отбасы ажырасқан. Биыл 120 мыңға жуық адам некесін бұзды, оның 60 мыңнан астамы 18-35 жас аралығындағы жастар. 30-34 жас аралығындағылар көп ажырасады.

Депутат мектептер мен жоғары оқу орындарында тұрақты отбасы институтының құндылықтарын дәріптеу бойынша арнайы сабақ енгізуді ұсынды.

"Сот жанындағы медиация институтының жұмысын жақсарту, ерлі-зайыптылардың татуласу мерзімін алты айға дейін ұзарту. Дамыған елдерде ажырасу ұзақ әрі қымбат процесс.

Тұрғын үй сатып алу үшін көпбалалы отбасыларға зейнетақы жинақтарының жеткілікті мөлшерін "Отбасы банкіне" ауыстыруға қолдауды жетілдіру қажет", - деп үндеді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети