Қазақстанда әкімдер вокзалдарды аралайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

темір жол Фото: depositphotos.com

Бүгін Үкіметте Қазақстандағы теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту мәселесі талқыланды. Баяндамаларды тыңдаған премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне ерекше тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Үкіметте Қазақстандағы теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту мәселесі талқыланды. Баяндамаларды тыңдаған премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне ерекше тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы теміржол вокзалдарын жаңғырту мен қайта құруды әлеуметтік жоба деп атады, өйткені ол жолаушылар инфрақұрылымын жақсартуға, халыққа қызмет көрсетудің жайлылығы мен сапасын арттыруға бағытталған.

"Үкімет тарапынан барлық мәселе шешілді. Әкімдер нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылап, бекітілген кесте мен жұмыс сапасын қамтамасыз етуі керек. Туындаған мәселелер бірден шешімін табуы тиіс. Мердігер ұйымдармен бірге нысандардағы жұмыс күші мен техникалық құралдарды көбейтуді қолға алыңыздар", - деп тапсырды Бектенов.

Оның айтуынша, 1 шілдеге қарай жаңартылған 30 вокзал алғашқы жолаушыларды қабылдауы тиіс. Астана, Алматы және Түркістандағы тарихи вокзалдардағы реставрациялау жұмыстарынан басқа, қалған вокзалдар бойынша жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталуы керек.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың аяғына дейін ел бойынша 120-дан астам вокзалды жаңғырту жоспарланған. Нысандардың бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілсе, кейбірі қайта салынып жатыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +26
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +30
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +26
П
Павлодар +21
Петропавл +26
С
Семей +22
Т
Талдықорған +28
Тараз +30
Түркістан +27
О
Орал +22
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер