Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттіктер беріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда "ерікті" және "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" ұғымдары енгізіліп жатыр. Тиісті заңды 5 мамырда Сенат депутаттары қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда "ерікті" және "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" ұғымдары енгізіліп жатыр. Тиісті заңды 5 мамырда Сенат депутаттары қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңда аумақтық қорғаныстың мақсаттары, міндеттері, қағидаттары мен шаралары анықталған, Президенттің, Үкіметтің, Қорғаныс министрлігінің өкілеті бекітілген. Сондай-ақ құжатта Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың құзыреті, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалған.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Марат Қожаевтың айтуынша, аумақтық қорғаныс туралы заңға әкімді аумақтық қорғаныстың басшысы етіп белгілейтін бап енгізілмек.

"Заңға сәйкес, Қорғаныс министрлігі аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган ретінде аумақтық қорғанысқа дайындық пен оны жүргізу қағидаларын әзірлейді, аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін анықтайды, аумақтық әскерлерді қару-жарақпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қаралып отырған салада мемлекеттік бақылау жүргізеді. Сонымен қатар, осы заңның 13-бабында әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық қорғанысының басшысы болып табылады және оның ұйымдастырылуы мен жай-күйіне жауапты екені белгіленген", – деді Қожаев.

Осыған байланысты ол Қорғаныс министрлігі өкіліне мынадай сұрақ қойды: бұл бағыныстылық пен есептілік вертикалі қалай құрылмақ?

"Қорғаныс министрлігі қандай шешімдер қабылдайды, әкім қандай шешімдер қабылдайды дегенді айқындайтын, аумақтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерінде қайталануды немесе олқылықтарды болдырмау үшін қандай да бір заңға тәуелді нормативтік-құқықтық акт қабылдана ма?" – деп сұрады депутат.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов заңда әкімнің аумақтық қорғаныс аймағының бастығы болып белгіленетіні рас екенін айтты.

"Осы заң қабылданғаннан кейін бірқатар заңға тәуелді актілер әзірленеді, олардың қатарында... Аумақтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру туралы Президент Жарлығы әзірленеді. Нормативтік-құқықтық акт жабық сипатта болады, онда уәкілетті органдардың, Қорғаныс министрлігінің және жергілікті атқарушы органның бағыныстылығы мен жауапкершілігі мәселелері көзделеді", – деп жауап берді Қамалетдинов.

Сенат депутаттары заңды екі оқылымда қарап, оны мақұлдауға дауыс берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer