1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? 14 қаңтар 2022, 12:31

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 15-17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 15-17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, ауа райына Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді.

"Ел аумағында жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ, жылдамдығы 15-28 м/с жел болады, сондай-ақ батыс, солтүстік, оңтүстікте жел екпіні 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Термометр бағандары 17 қаңтарға қарай, түнгі уақыттарда батыста 5-13 градус аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 градус аязға дейін төмендейді, ал елдің оңтүстігінде 5 градус аяз - 5 градус жылу болады деп болжанған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram