17 қаңтар 2018 | 15:52

Қазақстанда алдағы күндері аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© News.cn © News.cn

Синоптиктер 18-20 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 18-20 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады.

"Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының оңтүстік-шығыс шеті басым болады. Соның әсерінен ауа райы әсіресе жауын-шашынсыз, бірақ тұманмен күтіледі. Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты, орташа көпжылдық мәнге жақын қысқа мерзімді ауа температурасының жоғарылауы күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

"19 қаңтарға ҚР бойынша ауа температурасы:
- Батыста түнгі температурасы 10-15 градус аяз, кей жерлерде 20-25 аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде 8-13 градус аяз.
- Солтүстікте түнгі температурасы 15-29 градус аяз, күндіз 8-17 аяз күтіледі.
- Қазақстанның орталықта түнде 13-18, кей жерлерде 23-28 градус аяз күтіледі. Күнгі температурасы 7-12, кей жерлерде 16 градус аяз болуы мүмкін.
- Шығыс аймақтарда түнде 18-23, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 аяз.
- Оңтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады, күндіз 2-7, кей жерлерде 5-10 градус аяз болады.

19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт және жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Шығысқа бағатың жел 5-10 м / с. Түнде ауа температурасы 20-22 градус аяз, күндіз 13-15 градус нөлден төмен. Алматыда 19 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, кейде тұман күтіледі. Жел 0-5 м / с. Түнде ауа температурасы 7-9 градус аяз, күндіз 0, минус 2 градус болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда 2-3 күн қатарынан қар жауып, қардың биіктігі 33 сантиметрге жеткені хабарланған еді. Осыған байланысты соңғы күндері жолдарға 4 544 тонна мұзға қарсы қоспа материалдар себілген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети